САУЫҚТЫРУ
Жазғы каникул – ұстаздар үшін тек тынығу ғана емес, денсаулықты нығайтатын ерекше кезең. Осы мүмкіндікті тиімді пайдалана білген Ақтөбе облысы Байғанин ауданының білім қызметкерлері жазғы демалыс кезінде Сарыағаш өңіріндегі емдеу-сауықтыру шипажайларында денсаулықтарын жақсартып, ерекше әсерге бөленді.
Табиғаты көркем, шипалы минералды суларымен танымал Сарыағаш өңіріндегі сауықтыру орталықтарында демалушылар түрлі емдік шаралардан өтіп, денсаулықтарын нығайтуға мүмкіндік алды. Жайлы демалыс, сапалы медициналық қызмет пен таза ауа олардың көтеріңкі көңіл күйіне оң әсерін тигізді.
Бұл игі бастама Байғанин аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен жүзеге асырылды. Кәсіподақ ұйымы ұстаздардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, олардың денсаулығына қамқорлық көрсету және сапалы демалыс ұйымдастыру бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келеді. Ұстаздарға көрсетілген бұл қамқорлық – олардың елеулі еңбегіне деген құрметтің айқын көрінісі.
--
Ақтөбе облыстық кәсіподағы