КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ САУЫҚТЫРУ ДЕМАЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА
Кәсіподақ мүшелерінің жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру жұмыстары өз жалғасын табуда. Бұған дейін бірнеше жарияланымда кәсіподақ мүшелерінің шипажайларда тынығып, денсаулықтарын нығайту мүмкіндіктері туралы бөліскен болатынбыз. Бұл игі бастама аясында Түркістан қаласындағы Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектептің ұстаздары да жазғы демалыстарын тиімді өткізіп, еліміздің бірқатар шипажайларында тынығуда.
Ұстаздар «Біркөлік», «Шипа су – Түркістан», Ташкент қаласындағы шипажайлар мен «Алтын-көл» пансионатында демалып, денсаулықтарын нығайтып, жаңа оқу жылына сергек көңіл-күймен дайындалуда. Мұндай сауықтыру шаралары педагогтердің еңбекке деген ынтасын арттырып, кәсіби қызметін жоғары деңгейде атқаруына оң ықпал етеді. Кәсіподақ ұйымы алдағы уақытта да сала қызметкерлерінің әлеуметтік қолдауын күшейтуге, олардың денсаулығын нығайтуға және сапалы демалысын ұйымдастыруға бағытталған жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыра береді.
Ұстаздарымызға көтеріңкі көңіл-күй, зор денсаулық және жарқын жетістіктер тілейміз!