АБАЙ – ҰЛТ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ
Абай – қазақтың ой-санасына сәуле түсіріп, ұлттың рухани дүниесін биіктеткен ұлы ойшыл. Ақын мұрасы – бір дәуірдің еншісінде қалмайтын, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын рухани аманат.
Абай тағылымын еңбек адамының еңбегімен сабақтастыра отырып, ұлы ақынның рухани мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған #АбайЖәнеЕңбекАдамы республикалық жыр эстафетасы жалғасуда. Эстафета аясында Абайдың тағылымды ойлары мен өсиеттерін бүгінгі еңбек адамымен байланыстыра дәріптеу арқылы адал еңбек, білім, жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарына назар аударылуда.
Эстафетаның кезекті легін Ақтөбе облысы Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы Жастар кеңесінің төрағасы, №1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі Азамат Сұлтанәлі Бауыржанұлы жалғады. https://www.facebook.com/reel/1527073085315910
Ұстаз үшін Абай сөзін дәріптеу – ақын шығармаларын оқумен ғана шектелмейді. Бұл – жас ұрпақты білімге, еңбекке, адамгершілік пен жауапкершілікке баулу. Абай мұрасын дәріптеу – өткенге тағзым ғана емес, болашаққа жол сілтер маңызды міндет. Ұлы ақынның сөзі ұрпаққа бағыт берсе, адал еңбек сол жолдың берік негізі.