ҰСТАЗДЫҚ – ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ
Айгүл Сүлейменова білім саласына 33 жыл ғұмырын арнап, жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан білікті ұстаз. Бүгін біз оның ерен еңбегі мен айрықша жетістіктерін мақтанышпен атап өтеміз!
Айгүл Сепенқызы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Марқакөл ауданындағы «Қалжыр орта мектебі» КММ-нің химия және биология пәні мұғалімі, сонымен қатар мектептің кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметін абыроймен атқаруда.
Педагогика ғылымдарының магистрі, «педагог-зерттеуші» біліктілік санатының иегері. 1994 жылы педагогикалық жолын бастаған ұстаз 33 жыл бойы бір білім ұясында адал қызмет етіп, шәкірттерінің бойына білім нәрін құйып келеді.
Тәжірибелі ұстаздың «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, ШҚО Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ төрағасының Құрмет грамотасы, Марқакөл және Күршім ауданы әкімдерінің Құрмет грамоталары секілді марапаттармен еңбегі еленді.
Шәкірттерінің жетістігі – ұстаз еңбегінің алтын жемісі: ол тек білікті маман ғана емес, сонымен қатар шәкірттерінің жүрегіне білімге деген құштарлықты ұялатқан данагөй тәлімгер. Оның тәрбиелеген оқушылары химия және биология пәндері бойынша Республикалық пәндік олимпиадалардың аудандық, облыстық кезеңдерінде бірнеше дүркін 1, 2, 3-орындарды иеленіп, үздіктер қатарынан көрінді.
Сондай-ақ, Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша өткізілген Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңінде де шәкірттері жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Ұзақ жылдар бойы еңбек пен білімді қатар өріп, саналы ұрпақ тәрбиелеуге бар ынта-жігерін жұмсаған Айгуль Сепеновнаның ұстаздық жолы – жастарға үлгі, әріптестеріне мақтаныш. Еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай тер төгіп жүрген ардақты ұстазға деңгейі биік шыңдар, абыройлы еңбек және денсаулық тілейміз! Өнегелі ісіңіз бен ұстаздық еңбегіңіз жана берсін!
Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы кәсіподақ ұйымы