«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ- МЕЙІРІМГЕ ЖОЛ»
Бүгін, 14 тамыз күні,«Мектепке жол» республикалық науқаны аясында Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы мүшелік ұйымдарын қамти отырып, 160-балаға 800 000 теңге көлемінде қайырымдылық қолдау көрсетті.
«Мектепке жол» – ізгілік пен қамқорлықтың жарқын үлгісі. Акцияның басты мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмек көрсету және әр баланың сапалы білім алуына тең мүмкіндік жасау.
«Мектепке жол» акциясы – тек материалдық көмек көрсету емес, сонымен қатар өскелең ұрпаққа қамқорлық танытып, қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықты дәріптейтін маңызды бастама.
Әрбір баланың мектепке қуанышты көңіл-күймен келіп, білім алуға деген ынтасының артуы – баршамызға ортақ міндет. Балаларға жасалған әрбір жақсылық – олардың жарқын болашағына жасалған үлкен қадам! «Мектепке жол» – балаға қолдау, болашаққа сенім!
Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы