ҚАМҚОРЛЫҚҚА – ШЫНАЙЫ АЛҒЫС
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан аудандық білім беру ұйымдары кәсіподақ басшылығы мен ұжымына
Құрметті кәсіподақ ұйымы!
Білім саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, ұрпақ тәрбиесіне өз үлесін қосып келе жатқан педагогтар мен мектеп қызметкерлерінің еңбегін елеп, денсаулығы мен әлеуметтік жағдайына тұрақты түрде қамқорлық танытып келе жатқандарыңыз үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
Жуырда сіздердің қолдауларыңызбен «Көктем» шипажайына берілген жеңілдетілген жолдаманың арқасында Мұхамадиевтер отбасы ретінде екі адам болып емделіп, демалып, сергіп қайттық. Жолдама құнының 30%-ын кәсіподақ ұйымы өтеп, бізге сапалы сауықтыру орталығында тынығуға тамаша мүмкіндік жасап бердіңіздер.
Бұл қолдауды біз білім саласы еңбеккерлерінің денсаулығы мен әлеуметтік әл-ауқатына жасалған нақты әрі шынайы қамқорлық деп білеміз.
Сіздерге, Мұхамадиева Бақытжан Дәуітханқызы – «Қонырбай Құдагелдинов атындағы орта мектеп» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары (42 жыл педагогикалық өтіл); Пазылов Салтанат Советханұлы – 40 жыл дене шынықтыру мұғалімі болып қызмет атқарған, қазіргі таңда мектеп күзетшісі (жалпы еңбек ардагері) атынан шексіз алғысымызды айтамыз!
Шипажайдағы тамаша табиғат, сапалы емдеу процедуралары, таза бөлмелер мен қызметкерлердің жылы қабаты бізге зор қуат пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Педагогтардың мәртебесін көтеріп, еңбек адамдарына қолдау білдіретін мұндай игі әрі әлеуметтік маңызы бар бастамаларыңыз бен игі істеріңіз әрі қарай да сәтті жалғасын таба беруіне тілектеспіз. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға береке және жауапты қызметтеріңізге жаңа табыстар тілейміз!
Ізгі құрметпен және алғыспен, Мұхамадиевтер отбасы.
Шығыс Қазақстан облысы.