БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ
Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында білім қызметкерлерінің дәстүрлі Тамыз педагогикалық конференциясы өтті.
Биылғы конференция «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбы аясында ұйымдастырылды.
Жиынға аудан басшылығы, білім саласының ардагерлері мен қызметкерлері, мектеп директорлары, педагогтар, ата-аналар және білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік аясында Ақжар аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы А. Бостыбаева қатысты.
Білім саласының маңызды мәселелері талқыланған басқосу жаңа оқу жылына нақты міндеттер мен айқын мақсаттарды белгілеуге мүмкіндік берді.
Конференцияда сөз алған сала басшылары мен жауапты тұлғалар ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, педагог еңбегінің қоғамдағы айрықша маңызын атап өтті. Білім беру жүйесіндегі заң талаптарын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігі де назардан тыс қалмады.
Педагогтардың тәжірибесі мен жетістіктері сараланып, үздік білім беру ұйымдары мен сала қызметкерлері марапатталды.
Тамыз конференциясы – тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен бөлісетін, алдағы міндеттерді айқындайтын маңызды кәсіби алаң.
-
Фото
-