ҰСТАЗДЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ - ШӘКІРТ ЖЕТІСТІГІ
Ұстаздық – үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық. Бұл жолды жүрек қалауымен таңдап, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп келе жатқан ұстаздың бірі – Мусина Ләззат Нұриманқызы.
Ләззат Мусина Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылында дүниеге келген. Қарабұтақ орта мектебін тәмамдаған соң Ақтөбе қаласындағы С.Бәйішев атындағы университетте білім алып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын иеленді.
Еңбек жолын өзі білім алған Қарабұтақ орта мектебінен бастаған ол қазіргі таңда Т.Г.Шевченко атындағы жалпы білім беретін орта мектепте қызмет атқарады.
Ләззат Мусина өз пәнін оқытуда оқушылардың білімін арттырумен қатар олардың тілге, әдебиетке деген қызығушылығын қалыптастыруға басымдық береді. Сабақ барысында оқушының өз ойын еркін жеткізуіне, шығармашылық қабілетін дамытуына мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдерді қолданады.
Кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында педагогикалық іс-шаралар мен кәсіби байқауларға белсенді қатысып, тәжірибесін әріптестерімен бөлісіп келеді.
Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, үнемі ізденісте жүретін Ләззат Мусина үшін ұстаздықтың басты нәтижесі – шәкіртінің жетістігі мен сапалы білімі. Ұстаздық жолын абыроймен жалғастырып келе жатқан білікті маманның еңбегі – мектеп өміріндегі маңызды бағыттардың бірі.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фото
-