ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері «Жұлдыз» арнайы балабақшасының еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында кәсіподақ заңгерлері Александр Алимпиев пен Нұрлан Жетпісбай қызметкерлерге еңбек қатынастарына қатысты маңызды құқықтық мәселелер бойынша ақпарат беріп, еңбек заңнамасының талаптарын түсіндірді.
Жүздесудің жалғасы келісу комиссиясының мүшелеріне арналған семинармен өрбіді. Семинарда «Еңбек даулары, олардың туындау себептері және келісу комиссиясында қарау тәртібі» тақырыптары кеңінен қамтылды.
Іс-шара барысында еңбек дауларының пайда болу себептері, оларды шешу және реттеу жолдары, сондай-ақ келісу комиссиясының еңбек дауларын қараудағы маңызы түсіндірілді.
Кездесуден кейін кәсіподақ өкілдері
қоғамдық бақылау жүргізді. Бақылау барысында мекемедегі еңбек қатынастарына байланысты құжаттар зерделеніп, олардың рәсімделуі мен қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі назарға алынды.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фото
-