ОЙЫЛДА КӘСІПОДАҚ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗДІ
Ақтөбе облысы Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Гүлмира Избағамбетова Сапақкөл орта мектебі мен Қараой мектеп-балабақшасына қоғамдық бақылау жүргізіп, ұжыммен кездесті.
Қоғамдық бақылау барысында білім беру ұйымдарындағы еңбек жағдайы, қызметкерлердің әлеуметтік-құқықтық мәселелері, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуы, ұжымдық шарттардың орындалуы және кәсіподақ мүшелерінің құқықтарының қорғалуы назарға алынды.
Сонымен қатар, Гүлмира Избағамбетова мектеп ұжымдарымен кездесіп, кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндады.
Кәсіподақ төрағасы ұжым мүшелерінің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау, қолайлы еңбек жағдайын қалыптастыру және кәсіподақ пен еңбек ұжымдары арасындағы өзара байланысты нығайтудың маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында педагогтар мен қызметкерлерді толғандырған мәселелер талқыланып, олардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фото
-