МҰҒАЛІМДЕР СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ
Алматы қалалық «Ұстаз» кәсіподағында республикалық мұғалімдер спартакиадасының аудандық кезеңі жоғары деңгейде басталды. Ең мықты, ең күшті, ең ойшыл спортшы-мұғалімдер қалалық кезеңге жолдама алу үшін өзара бақ сынасуда.
Үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахматтан өткен командалық жарыста ұстаздардың ептілігі мен шапшаңдығы сынға түсті.
Ашық аспан астындағы спорт алаңы мен спорт залында өткен сайыстар ерекше көңіл-күй мен достық атмосферада өтті.
Жеңімпаздар жүлделі орындар мен марапаттар: арнайы кубоктар, медальдар, грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жүлде алмағандар да денсаулықтарын шыңдап, өздерін нағыз жеңімпаз сезінеді деген сенімдеміз.
Алматы қалалық «Ұстаз» кәсіподағы
-
Фото
-