ЖАС КӨШБАСШЫ БОЛУ – ОРТАҚ МАҚСАТҚА ЖЕТЕЛЕЙ БІЛУ
Жамбыл облысында «Қуатты кәсіподақтар – еңбек адамының қуатты үні» бірыңғай кәсіподақтық науқаны аясында «Жастар және еңбек болашағы» бағытында жас мамандардың кәсіподақ қозғалысындағы белсенділігін арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасуда.
Бүгінгі жастар кәсіподақ қозғалысының жаңа буыны, тың идеялар мен заманауи бастамалардың қозғаушы күші. Жас мамандардың кәсіподақ жұмысына белсенді араласуы, олардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту және бастамаларына қолдау көрсету маңызды бағыттардың бірі. Осы бағытта Жамбыл облысы Сарысу ауданы Б.Қашқынбаев атындағы орта мектептің биология пәнінің мұғалімі, жас кәсіподақ көшбасшысы Қаламқас Асылханова өз бейнематериалында жастардың кәсіподақ қозғалысындағы орны туралы ой бөліседі.
Өз сөзінде ұстаз жас мамандардың кәсіподақ қозғалысына белсенді қатысуы маңызды екенін атап өтеді. Сонымен қатар жас көшбасшылардың жаңа бастамаларға қолдау көрсетіп, әріптестерді ортақ мақсатқа біріктірудегі рөліне тоқталады.
Оның айтуынша, көшбасшы тек алға бастайтын емес, тыңдай білетін, қолдай білетін және жауапкершілікті сезінетін тұлға. Жас кәсіподақ көшбасшысы болу үлкен жауапкершілікпен қатар, ұжымның қоғамдық өміріне белсенді араласуды талап ететінін жеткізеді. Жастардың белсенділігі мен жаңа идеялары кәсіподақ қозғалысының одан әрі дамуына серпін беретініне назар аударады.
Жас кәсіподақ көшбасшысының еңбек, көшбасшылық және кәсіподақ қозғалысының болашағы туралы ой-пікірімен бейнематериалдан танысыңыздар.
Жергілікті кәсіподақтың Сарысу аудандық филиалы
#КәсіподақЖаныңда #ЕңбекАдамы #ЕңбекБолашағы #ҚуаттыБастауышҰйым #ҚауіпсізЕңбек