БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ДӘСТҮРЛІ ІХ ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ
Қызылордада14–19 қыркүйек аралығында облыстық білім басқармасы мен кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі ІХ спартакиадасы өтті. Спорттық додада облыстың 7 ауданы мен Қызылорда қаласынан 400-ден астам білім қызметкері қатысып, спорттың 9 түрінен бақ сынады.
«Бес асықтан» Арал ауданы І орынға ие болса, Қазалы ауданы ІІ, Жалағаш ауданы ІІІ орын алды.
«Асық атудан» Сырдария ауданы жеңімпаз атанып, Арал ауданы ІІ, Қызылорда қаласы ІІІ орынға табан тіреді.
3×3 баскетболдан Шиелі ауданының командасы үздік нәтиже көрсетіп, І орынға көтерілді. Қармақшы ауданы ІІ, Жаңақорған ауданы ІІІ орын иеленді.
Әйелдер арасындағы волейболдан Қызылорда қаласының командасы жеңімпаз атанса, Шиелі ауданы ІІ, Арал ауданы ІІІ орынға ие болды.
Ал шағын футболдан Қызылорда қаласы І орынды жеңіп алды. Жалағаш ауданы ІІ, Шиелі ауданы ІІІ орыннан көрінді.
Әйелдер арасындағы 3×3 баскетболдан Қызылорда қаласы І орын, Шиелі ауданы ІІ орын, Қармақшы ауданы ІІІ орын иеленді.
Ерлер арасындағы волейболдан Қызылорда қаласының командасы жеңімпаз атанды. Қазалы ауданы ІІ, Жаңақорған ауданы ІІІ орынға тұрақтады.
Үстел теннисінен Қармақшы ауданының командасы І орынға ие болса, Қазалы ауданы ІІ, Қызылорда қаласы ІІІ орын алды.
Ұлттық зияткерлік спорттың бірі – тоғызқұмалақтан Қазалы ауданы топ жарып, І орынға ие болды. Шиелі ауданы ІІ, Қызылорда қаласы ІІІ орыннан көрінді.
Осылайша бес күнге созылған спорттық бәсекенің қорытындысы шығарылып, барлық спорт түрлері бойынша жинақталған ұпайлар негізінде жалпыкомандалық есептің жеңімпаздары анықталды.
Жалпыкомандалық есеп бойынша:
І орын – Қызылорда қаласы
ІІ орын – Қазалы ауданы
ІІІ орын – Шиелі ауданы
Спартакиада қорытындысы бойынша жүлдегер командалар Қызылорда облысының білім басқармасы және Қызылорда облыстық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы тарапынан марапатталды.
Қызылорда облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фото
-