КӘСІПОДАҚ КӨМЕГІНЕ ЖҮГІНДІ
Еңбек ұжымындағы қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда кәсіподақ ұйымдарының атқаратын рөлі ерекше. Әсіресе, еңбек қатынастарына байланысты туындаған мәселелер бойынша қызметкерлерге құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсету – кәсіподақ жұмысының маңызды бағыттарының бірі.
Осы ретте Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымына өз мәселесімен жүгінген қызметкерлерге тиісті көмек көрсетілді.
Қызметкерлердің мәселесін Мәртөк аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Ләззат Жапақова қызметкерге қажетті кеңес беріп, оның еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында қолдау көрсетті. Қызметкердің жағдайы назарға алынып, оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған қажетті түсіндірме берілді.
– Кәсіподақтың негізгі міндеттерінің бірі – қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау және оларға қажет кезде қолдау көрсету. Сондықтан әрбір кәсіподақ мүшесінің мәселесіне мән беріп, заң аясында көмек көрсетуге тырысамыз, – деді Ләззат Жапақова.
Мәртөк аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы алдағы уақытта да сала мамандарының еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарын жалғастыра бермек.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фото
-