ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА КӘСІПОДАҚТЫҢ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ
Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының Жамбыл аудандық филиалының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен кәсіподақ мүшелеріне арналған «ашық есік күні» іс-шарасы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – білім беру саласы қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, еңбек заңнамасы талаптарын түсіндіру, сондай-ақ кәсіподақ мүшелеріне құқықтық мәселелер бойынша нақты әрі сапалы кеңес беру.
Іс-шарада аудандық комитет төрағасы Ержан Шалимбетов және құқықтық инспектор Ғазиз Оспанов кәсіподақ мүшелерінің сауалдарына жауап берді. Кәсіподақ мүшелері еңбек қатынастарына байланысты өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, қолданыстағы еңбек заңнамасы аясында түсіндірмелер алды.
Атап айтқанда, кеңес беру барысында еңбек шартын жасасу, өзгерту және бұзу тәртібі; жұмыс уақыты мен демалыс уақытына қатысты мәселелер; еңбек демалысын беру тәртібі; еңбек ақысы мен өзге де төлемдерге қатысты құқықтар; ұжымдық шарт талаптарының орындалуы; тәртіптік жауапкершілік мәселелері бойынша кеңестер берілді.
Құқықтық инспектор Ғазиз Оспанов әрбір өтінішке жеке тоқталып, нақты жағдайларға байланысты заң талаптарын түсіндірді. Қатысушылар өздерінің еңбек құқықтарына қатысты сұрақтарын қойып, қажетті құқықтық бағыт-бағдар алды. Іс-шара барысында көтерілген мәселелер кәсіподақ пен білім беру ұйымдары қызметкерлері арасындағы өзара байланысты нығайтып, еңбек заңнамасы бойынша құқықтық сауаттылықты арттыруға мүмкіндік берді.
Кәсіподақтың құқықтық қызметі алдағы уақытта да білім беру саласының қызметкерлеріне тегін құқықтық кеңес беріп, олардың еңбек құқықтарын қорғауға және заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жалғастыра береді.
Жергілікті кәсіподақтың Жамбыл аудандық комитеті.
#Кәсіподақ #АшықЕсікКүні #ЖамбылАуданы #ЕңбекҚұқығы #ҚұқықтықКеңес