ЖАС МАМАН – КӘСІПОДАҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖАҢА КҮШІ
«Қуатты кәсіподақтар – еңбек адамының қуатты үні» бірыңғай кәсіподақтық науқаны аясында Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының Қордай аудандық комитетінің ұйымдастыруымен «Жас кәсіподақ көшбасшысы мектебі» жобасы аясында жас мамандарға арналған семинар өтті.
Жастардың кәсіподақ қозғалысына белсенді араласуын арттыруды мақсат еткен кездесуге 35 жасқа дейінгі жас мамандар қатысты. Семинар барысында жас мамандарға кәсіподақ ұйымының қызметі, кәсіподақ мүшелігінің мүмкіндіктері мен артықшылықтары, еңбек құқықтарын қорғау және құқықтық қолдау тетіктері туралы кеңінен түсіндірілді. Семинарда Қордай аудандық комитетінің төрағасы Қыпшақбаева Қарлығаш Қанатбекқызы мен құқықтық инспекторы Бауыржан Алпысбаев жас мамандармен ашық пікір алмасып, олардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесу барысында кәсіподақ мүшесі болудың басты мәні тек ұйым құрамына кірумен шектелмейтіні айтылды. Жас мамандар тарапынан еңбек заңнамасына, кәсіподақ мүшелеріне көрсетілетін құқықтық көмекке, әлеуметтік қолдау шараларына және кәсіподақ жұмысына белсенді қатысу мүмкіндіктеріне қатысты сұрақтар қойылды. Мамандар тарапынан нақты жауаптар беріліп, еңбек жолын енді бастап келе жатқан жастар үшін құқықтық сауаттылықтың маңызы түсіндірілді.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, кәсіподақ жұмысына белсенді араласудың маңызын атап өтті.
Жергілікті кәсіподақтың Қордай аудандық комитеті