ҰСТАЗДАР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН АШЫҚ ТУРНИР
Маңғыстау облыстық ұйымының Жаңаөзен қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен 5 қазан – Мұғалімдер күні мерекесіне орай қыркүйек айының 22-28 аралығында ұстаздар арасында волейболдан ашық турнир өткізілді.
Спорттық шараға әйелдер арасынан 15 команда – 150 ойыншы, ерлер арасынан 15 команда – 150 ойыншы қатысып, өзара бақ сынасты.
Әйелдер арасында жүлделі орындар:
№9 жалпы білім беретін мектеп – І орын,
№2 жалпы білім беретін мектеп – ІІ орын,
№7 жалпы білім беретін мектеп – ІІІ орын.
Ерлер арасында жүлделі орындар:
№13 «Дарын мектеп лицейі» – І орын,
№2 жалпы білім беретін мектеп – ІІ орын,
№23 жалпы білім беретін мектеп – ІІІ орын.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері кәсіподақ ұйымының атынан кубок, медаль және дипломдармен марапатталды.
Тартысты әрі қызықты өткен жарыста ұстаздар спорттық шеберліктерін көрсетіп, белсенділік пен ұйымшылдықтың үлгісін танытты.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жеңісті күндеріңіз көп болсын!
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қалалық филиалы
-
Фото
-