ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ
Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Жоғары білім қызметкерлері күніне және Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік шара өтті.
Салтанатты жиынға университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, қызметкерлері, ардагерлер және Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері қатысты.
Жиында университет ректорының міндетін атқарушы Жайық Сұлтан оқу ордасының профессор-оқытушылар құрамын, қызметкерлер мен ардагерлерді қос мерекемен құттықтады. Ол жоғары білім беру саласының дамуына үлес қосып жүрген жандардың еңбегі зор екенін атап өтіп, ұстаздық қызметтің қоғамдағы маңыздылығына тоқталды.
Мерекелік шарада университеттің үздік қызметкерлері мен оқытушылары марапатталды. Үздіктерге арнайы марапаттар табысталып, олардың еңбегі көпшілік алдында жоғары бағаланды.
Басқосудың соңы университеттің шығармашылық ұжымдары мен студенттері әзірлеген әсем концерттік бағдарламаға ұласты.
Мерекелік кеш аға буынның өнегесін ұлықтап, ұстаз еңбегіне деген құрметті айшықтай түсті.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фото
-