БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ҰЖЫМ
Алматы қаласындағы Түрксіб ауданы «№131 бөбекжай-балабақша» – балаларды тәрбиелеу мен дамыту жолында әр қызметкер өз үлесін қосатын тату да ұйымшыл ұжым. Бізді өзара құрмет, қолдау, жауапкершілік және мамандығымызға деген сүйіспеншілік біріктіреді. Бірлескен еңбектің, ізгі қарым-қатынастың және "Ұстаз" кәсіподақ ұйымының белсенді жұмысының арқасында ұжымда сыйластық, өзара көмек пен әр қызметкердің еңбегіне деген құрмет сақталып келеді.
Қарттар күніне орай "Ұстаз"кәсіподақ комитеті, еңбегі көпшілікке көріне бермегенімен, жұмысына зор үлес қосып жүрген қызметкерлерді құттықтады. Балабақшадағы жайлылықты, тазалықты, тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етіп жүрген бухгалтерлерге, техникалық қызметкерлерге, шаруашылық бөлімінің мамандарына, бухгалтерге және барлық қызметкерлерге ерекше алғысымызды білдіріп құттықтау іс шарасын өткіздік.
Әріптестерімізге зор денсаулық, амандық, бақ-береке, әріптестеріңіздің құрметі мен жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз. Еңбектеріңіз әрдайым бағаланып, жемісті болып, абыройларыңыз арта берсін!
Г.Заитова,
№131 бөбекжай-бақшасы
кәсіподақ комитетінің төрағасы,
Алматы «Ұстаз» кәсіподағы
-
Фото
-