МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ САЙЫС
Абай облысы Аягөз ауданындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде Ұстаздар күніне орай мектеп ұстаздары арасында «Көңілді мәре» эстафеталық спорттық сайысы ұйымдастырылды.
Шараны мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымы ұйымдастырып, ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, спортқа деген қызығушылықты арттыруға, ұжым мүшелерінің белсенділігін қалыптастыруға, ауызбіршілік пен ұйымшылдықты нығайтуға және көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға бағыттады.
Спорттық сайыс барысында ұстаздар командаларға бөлініп, түрлі қызықты эстафеталық жарыстарға белсенді қатысты. Қатысушылар шапшаңдықтары мен ептіліктерін, тапқырлықтары мен ұйымшылдықтарын көрсетіп, командалық рухтың жоғары деңгейін танытты.
Сайыс барысында ұстаздар арасында достық қарым-қатынас, өзара қолдау, ынтымақтастық пен ұйымшылдық одан әрі нығая түсті.
Көңілді әрі тартысты өткен спорттық шара мектеп ұжымына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұстаздардың бір сергіп, жақсы әсер алуына мүмкіндік берді.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен бұл шара ұстаздар қауымының ынтымағын арттырып, ұжымдық рухты нығайтудың тамаша үлгісі болды!
Т.Қайырғазина,
№11 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы
-
Фото
-