КӘСІБИ МЕРЕКЕ АЯСЫНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
Ұстаздар күніне орай Облыстық кәсіподақ филиалдары шаралар өткізді. Ақтау қалалық білім бөлімі ұлағатты ұстаздарға құрмет көрсету мақсатында мерекелік шара ұйымдастырды. Мерекелік кеш шымылдығын Ақтау қаласының әкімі Мұқаш Мақсат Асқарұлы ашты, ол өзінің еңбек жолын ұстаз қызметінен бастағанын айта келе, білім беру саласындағы ұстаздардың ерен еңбегіне тоқталып, жылы лебізін жеткізді.
Сондай-ақ, мерекелік шараға білім саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, сан ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берген ардагер ұстаздар арнайы шақырылды. Ұстаздық жолдың абыройын асқақтатқан ардагерлердің ақыл-кеңесі мен өнегелі өмір жолы – бүгінгі жас мамандар мен оқушылар үшін үлкен үлгі. Осындай мерекелік шарада ардагер ұстаздарға Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы атынан сыйлық сертификаттар табысталды.
Шара барысында ұстаздарға деген алғыс пен құрметтің жарқын көрінісі байқалды. Кеш көтеріңкі көңіл күймен өтіп, барша қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Сонымен қатар Жаңаөзен қалалық білім бөлімі мен оқу-әдістемелік орталығының мамандарына арналған мерекелік шара өтті. Шара барысында Маңғыстау облыстық ұйымының Жаңаөзен қаласындағы филиалы атынан білім саласының білікті мамандарын Ұстаздар күнімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Мұнайлы ауданында да салтанатты шара болып өтті. Білім саласының дамуына өз үлесін қосып жүрген әрбір маманның еңбегі – үлкен құрметке лайық.
Кәсіподақ төрағасы кәсіби шеберліктері мен жауапкершіліктері үшін жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие берудегі еңбектері үшін алғысын білдіріп, мықты денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс, шығармашылық шабыт және жаңа жетістіктер тілеп, гүл шоқтарын сыйлады.
Маңғыстау облыстық кәсіподағы
-
Фото
-