ЖАРЫС АЛАҢЫНДА – ҰСТАЗДАР
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданының білім беру ұйымдарының әйел қызметкерлері арасында дәстүрлі аудандық волейбол жарысы өтті. Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бұл спорттық шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, тартысты да қызықты ойындарға толы болды.
Алаңға шыққан әрбір команда жеңіске деген ұмтылысын, өзара ауызбіршілігін және жоғары спорттық дайындығын көрсете білді. Доп шеберлігі мен командалық рух таразыға түскен бәсекеде әр ұпай үшін тартыс өрбіді.
Ойын қорытындысы бойынша жекелей номинациялар мен командалық жүлделі орындар төмендегідей бөлінді.
Жекелей номинация иегерлері:
«Үздік шабуылшы» – Г.Мұнарбекова (Аққайнар орта мектебі);
«Үздік ойыншы» – А.Тілеубаева (С.Ластаев атындағы орта мектебі);
«Үздік қорғаушы» – Ә.Нұрланқызы (Жамбыл орта мектебі);
«Үздік доп үйлестіруші» – Ұ.Нұрлыбекқызы («Айгөлек» бөбекжайы).
Командалық есеп бойынша жүлдегерлер:
І орын: Аққайнар орта мектебі командасы;
ІІ орын: Рыков орта мектебі командасы;
ІІІ орын: С.Ластаев атындағы орта мектебі командасы.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, сондай-ақ үздік өнер көрсеткен ойыншыларға құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды.
Барлық жүлдегерлерді жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық кәсіподақ ұйымы