КРЕАТИВТІ БЕЙНЕРОЛИКТЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Кәсіподақтар күніне орай Қызылорда облыстық білім қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен «Pro кәсіподақ: заманауи формат» атты креативті жарнамалық бейнероликтер байқауы өтті.
Байқаудың басты мақсаты – жастардың заманауи көзқарасы мен шығармашылық әлеуеті арқылы кәсіподақ қызметінің маңызын, мүмкіндіктері мен қоғамдағы рөлін жаңа форматта насихаттау, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тиімді пайдалану арқылы кәсіподақтың заманауи имиджін қалыптастыру.
Байқауға қатысушылар өздерінің тың идеялары мен шығармашылық ізденістерін бейнероликтер арқылы ұсынып, кәсіподақ қызметін жаңа қырынан таныта білді. Әрбір жұмыс заманауи ойлау жүйесімен, ерекше шешімдерімен және креативті көзқарасымен ерекшеленді.
І орын - Сырдария ауданы №42 Қ. Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бегежан Ұлархан Нұрлыбекұлы;
ІІ орын - Арал ауданы №14 мектеп-лицейінің орыс тілі пәнінің мұғалімі, «Жас толқын» жастар кеңесінің төрағасы Ұзақбаев Қырықбай Ұзақбайұлы;
ІІІ орын - Қармақшы ауданы №183 мектептің технология пәнінің мұғалімі, «Жас қанат» жастар кеңесінің төрағасы Каналбеков Қайсар Ғаниұлы;
ІІІ орын - Қызылорда қаласындағы К. Қаракөзов атындағы №235 мектеп-гимназиясының көркем еңбек пәнінің мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Айтпанова Майра Тасболатқызы.
«Жастар үні» номинациясы - Шиелі ауданы Ш. Есенов атындағы №153 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Яхуда Нұрдаулет Нұрланұлы.
«Бірлік кадры» номинациясы - Жалағаш ауданы №246 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Төлеген Әйгерім Бақытжанқызы.
Байқау жеңімпаздары мен номинанттарын шын жүректен құттықтаймыз!
Қызылорда облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фото
-