КОМАНДАЛЫҚ РУХ ПЕН ДОСТЫҚ ТОҒЫСҚАН АЛАҢ
8 қазан күні Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы бойынша білім беру ұйымдарында қызмет ететін жас мамандардың басын біріктіріп, ұйымшылдықты нығайту, командалық рухты қалыптастыру және кәсіподақ қозғалысының беделін арттыру мақсатында «Бір команда — ортақ болашақ!» атты жастар пейнтбол турнирі ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара — тек спорттық жарыс қана емес, жас мамандардың өзара қарым-қатынасын нығайтып, ортақ мақсат жолында бірлесе әрекет етуіне мүмкіндік беретін ерекше алаң.
Турнир барысында қатысушылар бірнеше командаға бөлініп, қауіпсіздік ережелерімен таныстырылып, командалық дайындықтан өтті және өзара тартысты ойындарда 30 жас маман қатысып, бақ сынады.
Турнир соңында үздік командалар мен белсенді қатысушылар арнайы номинациялар бойынша марапатталды. Атап айтқанда, «Ең ұйымшыл команда», «Үздік ойыншы», «Командалық рухы үшін», «Ең белсенді қатысушы» және «Кәсіподақ командасы» номинациялары бойынша және І, ІІ, ІІІ орынмен жеңімпаздар анықталды.
Пейнтбол турнирі — бірлік пен белсенділіктің жарқын үлгісі болды. Барлық қатысушыларға Мүнайлы ауданы бойынша кәсіподақ филиалынан сыйлық сертификаттары табысталды.
Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық кәсіподақ ұйымы
-
Фото
-