CАЛТАНАТТЫ ШАРАДА САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Кәсіподақтар күніне орай Ақтөбе облысы Хромтау аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен салтанатты шара ұйымдастырылды.
Мерекелік шара барысында білім саласында табанды еңбек етіп жүрген 130 қызметкер марапатталды. Олардың қатарында мұғалімдер, кітапханашылар, есепшілер және кіші қызметкерлер бар.
Еңбек адамын құрметтеу мен олардың кәсіби қызметіне қолдау көрсету мақсатында марапатталған қызметкерлерге аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының тарапынан ақшалай сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, 10 қызметкерге Ташкент – Самарқанд бағытындағы саяхатқа арналған сертификаттар берілді.
Аталған шара білім саласы қызметкерлерінің еңбегін бағалап, олардың мәртебесін арттыруға және кәсіподақ мүшелеріне қолдау көрсетуге бағытталған игі бастама.
Барша марапат иелерін құттықтап, еңбектеріне табыс тілейміз!
Ақтөбе облыстық кәсіподағы