ЕҢБЕКТІҢ МЕРЕЙІ – МАМАННЫҢ МӘРТЕБЕСІ
Еңбек күніне орай Қызылорда облыстық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы «Еңбекке құрмет – елге құрмет: лайықты еңбек және еңбек адамының мәртебесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шарада Қызылорда облыстық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Г.Есқалиева ашып, еңбек адамының қоғамдағы орны, лайықты еңбек қағидаттары мен қызметкерлердің құқықтарын қорғаудың маңыздылығына тоқталды.
Жиынға «Қызылорда облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М.Ыбырайханұлы қатысып, еңбек адамының мәртебесін арттырудың маңыздылығы жөнінде ой-пікірін білдірді.
Дөңгелек үстел барысында еңбегімен ерекшеленген сала қызметкерлері төмендегі номинациялар бойынша марапатталды:
«Еңбек ардагері – ұрпаққа үлгі» номинациясымен сала ардагерлері – өз кәсібіне адалдығы, табанды еңбегі, қызметтік міндеттерін сапалы әрі жауапкершілікпен атқарғаны және кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық еңбек жолы үшін
«Іскерлік пен жауапкершілік үлгісі» номинациясымен білім беру ұйымы директорының шарушылық ісі жөніндегі орынбасарлары– еңбек ұжымының күнделікті жұмысын ұйымдастырудағы жоғары жауапкершілігі, іскерлігі, ұйымдастырушылық қабілеті мен қызметіне адалдығы үшін;
«Қауіпсіз еңбек жанашыры» номинациясымен еңбек қауіпсіздігі жөніндегі техникалық инспекторлар - қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге белсенді атсалысқаны, еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жауапкершілікпен қарағаны және қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін;
«Жас маманның жарқын қадамы» номинациясымен белсенді жас ұстаздар - еңбек жолының алғашқы кезеңінде белсенділік пен бастамашылдық танытып, жаңа білім мен тәжірибені игеруге, кәсіби біліктілігін арттыруға ұмтылғаны және ұйымның дамуына қосқан үлесі үшін.
Іс-шара еңбек адамын дәріптеп, адал еңбекті бағалау мен қызметкерлердің әлеуметтік қолдауын арттырудың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.
Қызылорда облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фото
-