МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ЖАС ПЕДАГОГТАР ТАҒЫЛЫМДЫ АЛАҢДА БАС ҚОСТЫ
9 қазанда «Адай Ата-Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде Маңғыстау облысының Білім басқармасы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтау қаласындағы филиалы және Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы әлеуметтік әріптестік асында «STEM. FI, INNOVATION» өңірлік жас педагогтар коннекті өтті.
Шараға Маңғыстау облысының жалпы білім беретін мектептерінің жас мамандары, қалалық, аудандық оқу-әдістемелік орталықтардың әдіскерлері, облыстық кәсіподақтың мамандары, аудандық, қалалық кәсіподақ филиалдар төрағалары қатысты.
Коннект мақсаты – жас педагогтардың STEM және AI-құзыреттерін дамыту, командалық және жобалық жұмыс мәдениетін жетілдіру, сондай-ақ білім беру үдерісінде жасанды интеллект пен заманауи цифрлық технологияларды тиімді қолдану тәжірибесін қалыптастыру.
Бағдарламада білім беру квесттері, шеберлік сабақтары, тәжірибесі озық жас педагогтердің баяндамалары айтылып, көрсетіп таныстырды..
Шарада жастар «Адай Ата-Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде туған жер табиғатын тамашалап, мұражайда және Адай Ата кесенесіне серуендеп, рухтанды.
Шараның 2 бөлімінде STEAM ORENTEERING - OTPANTAU PROJECT жобаларын қорғап, жабылу салтанатымен аяқталды.
Коннект республикалық «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» жобасы аясында ұйымдастырылды. 2022 жылы бастау алған жоба еңбек жолын жаңадан бастаған педагогтардың кәсіби дамуы мен жаңа ортаға бейімделуіне қолдау көрсетуге бағытталған.
Биыл жоба бесінші рет Маңғыстау өңірінің жас педагогтарын тәжірибе алмасу, кәсіби идеялармен бөлісу және өзара байланыс орнату үшін бір алаңға біріктіруде.
Маңғыстау облыстық ұйымы
-
Фото
-