«ЖАҢА БЕЛЕСТЕГІ ЖАСТАР»
Осындай тақырыпта Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының Жастар кеңесі жылдық жоспарына сәйкес Аққайың орманында этно-тимбилдинг сайысын өткізді.
Шараға ауданның 55 жас педагогы қатысып, ұйымшылдық, шапшаңдық пен тапқырлықтарын танытты. Ұлттық дәстүр мен командалық сайысты ұштастырған шара жас педагогтардың ұйымшылдығы мен белсенділігін көрсетті.
Кездесу барысында кәсіподақтың жас мамандарды қолдаудағы рөлі, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, кәсіби және шығармашылық дамуына жағдай жасау бағытындағы жұмыстары да сөз болды.
Сайыс қорытындысында үздік командалар марапатталып, Бас жүлде иегерлеріне тарихи-танымдық саяхатқа жолдама табысталды.
Аққайыңның көркем табиғатында өткен тағылымды шара жас педагогтардың басын қосып, бірлік пен ынтымақтастықтың мәнін айшықтады. Кәсіподақтың жастарға қолдау көрсету бағытындағы жұмысы осындай игі бастамалар арқылы жалғасын табуда.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы