ОЙЫЛДА КӘСІПОДАҚ ТӨРАҒАСЫ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Ақтөбе облысы Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Гүлмира Избағамбетова Амангелді орта мектебінің кәсіподақ мүшелерімен кездесті.
Кездесудің негізгі мақсаты – сала қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау және кәсіподақ жұмысының өзекті мәселелерін талқылау болды.
Жиын барысында кәсіподақ мүшелері өздерін толғандыратын мәселелерді ашық айтып, еңбек жағдайы, жалақы, әлеуметтік қолдау және құқықтық қорғау бағыттары бойынша сұрақтарын қойды. Гүлмир Избағамбетова әрбір сұраққа жан-жақты жауап беріп, кәсіподақ тарапынан көрсетілетін қолдау шараларына тоқталды.
Сонымен қатар, кәсіподақ төрағасы білім саласындағы қызметкерлердің құқықтарын сақтау және еңбек қатынастарын жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Гүлмира Избағамбетова кәсіподақтың басты міндеті – әрбір мүшенің мүддесін қорғау және олардың еңбек жағдайын жақсартуға ықпал ету екенін атап өтті.
Кездесуден соң бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы құжаттамалардың жүргізілуі, мүшелердің әлеуметтік-құқықтық қорғалуы және ұжымдық шарттардың орындалу мәселелері қаралып, әдістемелік көмек берілді.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фото
-