КӘСІПОДАҚ: ТҰРАҚТЫ ҚОЛДАУ
Ақтөбе облысы Байғанин аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының ұйымдастыруымен «Кәсіподақ: тұрақты қолдау» атты салтанатты шара өтті.
Шараның басты мақсаты – білім саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің еңбегін бағалап, кәсіби қызметіне құрмет көрсету.
Салтанатты жиында кәсіподақ ұйымы мен аудандық білім бөлімінің бірлескен Алғыс хаттары табысталып, марапат иелеріне шипажайға және тарихи-танымдық өлкетану саяхатына жолдамалар берілді.
Білім саласының дамуына үлес қосып жүрген әрбір қызметкердің еңбегі бағалауға лайық. Сондықтан олардың жетістігін атап өтіп, еңбегіне лайық құрмет көрсету – осындай шаралардың негізгі мәні.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы