КӘСІПОДАҚ КҮШІ – ЖАСТАРДЫҢ ЖІГЕРІНДЕ
Жастар – кәсіподақ қозғалысының болашағы, қоғамның қозғаушы күші. Бүгінгі ізденімпаз жас мамандардың кәсіби қалыптасуына қолдау көрсету, көшбасшылық қабілеттерін дамыту және еңбек құқықтары жөніндегі сауаттылығын арттыру – қуатты кәсіподақ қалыптастырудың маңызды бағыттарының бірі. Осы орайда, «Қуатты кәсіподақтар – еңбек адамының қуатты үні» бірыңғай кәсіподақтық науқаны аясында Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында «Жас көшбасшының ізденіс жолы» тақырыбында мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.
Жас мамандардың басын қосып, өзара тәжірибе алмасуына және тың идеяларын ортаға салуына мүмкіндік берген кездесуді аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Айнұр Баймұратова мен білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Гүлмираш Қырықбаева ұйымдастырды.
Кездесу барысында жастардың өзін-өзі дамытуы, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, кәсіби өсуге ұмтылу және ортақ іске жауапкершілікпен қарау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ «Кітап оқитын ұлт» жобасының маңызы, кітап оқудың тұлғалық дамуға ықпалы, кәсіподақ мүшелігінің мәні мен еңбек құқықтары жөніндегі сауаттылық тақырыптарына назар аударылды.
Қуатты кәсіподақ белсенді жастардан басталады. Ал бүгінгі ізденімпаз, білімге құштар және жауапкершілігі жоғары жас мамандар – ертеңгі жаңашыл педагогтер мен білікті көшбасшылар.
#ҚуаттыКәсіподақтар #ЖасКөшбасшыныңІзденісЖолы #КәсіподақЖастары #ЖасМаман #ЕңбекҚұқықтары #КітапОқитынҰлт
Жамбыл облыстық ұйымы