КӘСІПОДАҚ ТӨРАҒАЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Қызылорда қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған «Еңбек заңнамасы – кәсіподақ қызметінің негізі» атты оқу семинарын өткізді.
Семинардың басты мақсаты – кәсіподақ төрағаларының еңбек заңнамасы бойынша білімін жетілдіру, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Семинар барысында еңбек шартының мазмұны, еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен міндеттері кеңінен талқыланды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар мен пайдалы құқықтық ақпараттар алды.
Оқу семинарына мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Б.Досымов қатысып, еңбек шартының мазмұны мен еңбек қатынастарының негізгі мәселелеріне тоқталды. Қызылорда қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Г.Абдазиева оқу семинарының мақсаты мен күтілетін нәтижелерін таныстырып, кейстер, топтық талқылауды жүргізді. Заңгер Е.Жұбатқанов қатысушыларға пайдалы құқықтық ресурстар ұсынып, еңбек заңнамасын қолдану бойынша маңызды ақпараттармен бөлісті.
Семинар кәсіподақ төрағаларының құқықтық сауаттылығын арттыруға, тәжірибе алмасуға және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысты жетілдіруге мүмкіндік берді.
-
Фото
-