МАМАНДЫҚҚА АДАЛДЫҚ – АБЫРОЙҒА БАСТАР ЖОЛ
Ұстаз – бала бойына білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға. Әрбір шәкірт – қайталанбас адам, оның жан дүниесі – өзінше бір әлем. Ұстаз – сол әлемді шартарапқа жетелеуші, бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-анадан кейінгі жауапты адам.
Нұрадинова Маржан Файзуллақызы еңбек адамы ретінде шынайы құрмет пен мойындауға лайық. 20 жылдан астам уақыт бойы ол бастауыш сынып мұғалімі. Ұзақ жылдар бойы ол өзін жауапты, еңбекқор және адал маман ретінде көрсетуде.
Негізгі қызметінен басқа, Маржан Алматы қаласындағы Жетісу ауданынның №102 мектебінде кәсіподақ төрайымы қызметін атқарады, бұл жерде ол әріптестерінің арасында белсенділігі, жауапкершілігі және кәсібилігі үшін жоғары бағаланады. Кәсіподақ жұмысында жұмыскерлердің еңбек жағдайын қорғау, өрт пен қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы семинарлары пайдалы кеңестерге толы. Жылына бірнеше рет ұжымды тауға, табиғатқа саяхаттауға үйретті. Мектепте кәсіподақ комитетінің арқасында 8-наурыз халықаралық әйелдер күні, 7-мамыр ер-азаматтарды құттықтау күні ерекше форматта аталып өтеді.
Маржанның көпжылдық адал еңбегі мен жетістіктері лайықты түрде бағаланды, соңғы жылдардағы жетістіктерінің арқасында ол «Ұстаз» кәсіподағының демеушілігімен Дубайға сапарлап келді. Бұл оның қажырлы еңбегінің, мамандығына берілгендігінің және тәрбие мен білім беруді дамытуға қосқан үлесінің лайықты бағасы болды.
Алматы қаласы «Ұстаз» кәсіподағы
-
Фото
-