НАУҚАН АЯСЫНДА АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
«Қуатты кәсіподақтар – еңбек адамының қуатты үні» бірыңғай кәсіподақтық науқаны аясындағы басым міндеттердің бірі – кәсіподақ мүшелерін оқытуға, олардың кәсіби біліктілігі мен құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек қатынастарында ұжымдық шарттар мен келісімдердің маңызын терең түсіндіру.
Аталған міндеттерді жүзеге асыру бағытында Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының Сарысу аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Білім беру ұйымдарындағы кадрлық іс жүргізуді ұжымдық шарт пен келісімдер негізінде жүргізу тәртібі» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға білім беру ұйымдарының бірінші басшылары, іс жүргізушілері мен хатшыларын қоса алғанда, барлығы 88 адам қатысты.
Кәсіби біліктілікті арттыруға және еңбек қатынастарындағы құқықтық сауаттылықты нығайтуға бағытталған семинарды Жергілікті кәсіподақтың құқықтық қызметінің жетекшісі Әлия Джолшибекова жүргізіп, қатысушыларға қолданыстағы заңнама талаптары аясында түсіндіру жұмыстарын ұсынды. Кездесу барысында кадрлық құжаттарды дұрыс рәсімдеу, еңбек қатынастарын құжаттамалық сүйемелдеу және ұжымдық шарт пен келісімдерде көзделген нормаларды жұмыс барысында басшылыққа алудың маңызына назар аударылды.
Семинар аясында қатысушылар өз қызметінде кездесетін мәселелер бойынша құқықтық түсініктерін кеңейтіп, кадрлық құжаттаманы жүргізуде заң талаптарын басшылыққа алудың маңызын саралады. Семинар соңында барлық қатысушыларға облыстық оқу-әдістемелік орталығының сертификаттары табысталды.
Жергілікті кәсіподақтың Сарысу аудандық комитеті
-
Фото
-