ТАРИХЫ ТЕРЕҢ БІЛІМ ОРДАСЫ
Әрбір білім беру ұйымының өзіндік тарихы, қалыптасқан дәстүрі мен өшпес ізі бар. Сол тарихтың басты құндылығы – білім мен тәрбие жолында табанды еңбек еткен ұстаздар және сол игі дәстүрді жалғастырып келе жатқан бүгінгі ұжым.
Ж.Нұрсейтов атындағы №233 орта мектеп ұжымының бұрынғы және қазіргі фотосуреттері – уақыт тынысын, жылдар сабақтастығын және білім ордасының даму жолын бейнелейтін құнды естелік.
Кешегі суреттен мектептің қалыптасу кезеңдерін, сол уақытта еңбек еткен ұстаздардың кәсіби жауапкершілігі мен ортақ іске деген адалдығын аңғарсақ, бүгінгі фотосуреттен сол дәстүрді жалғастырып, білім беру саласының дамуына үлес қосып жүрген ұжымның келбетін көреміз.
Ұстаздық еңбек – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын жауапты да абыройлы жол. Кеше мектептің өркендеуіне үлес қосқан аға буынның еңбегі бүгінгі әріптестер үшін өнеге болса, қазіргі ұжымның жетістіктері – сол бай мұраның заңды жалғасы.
Өткенге тағзым ету, еңбек ардагерлерінің еңбегін бағалау және ұжымдық дәстүрді сақтау – ортақ тарихымызға деген құрметтің белгісі.
Кеше мен бүгінді жалғаған – адал еңбек, кәсіби сабақтастық және ортақ мақсат!
Қызылорда облыстық ұйымы
-
Фото
-