БАСТЫ БАСЫМДЫҚ – ҰЖЫМ МҮДДЕСІ
Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы М.Ахметов білім беру ұйымдарының кәсіподақ мүшелерімен бірқатар кездесулер өткізді.
Кездесулер Т.Жүргенов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте, Балалар саз мектебінде, «Балауса» және «Бәйтерек» бөбекжай-бақшаларында, сондай-ақ Жамбыл мектеп-балабақшасында өтті.
Кездесудің басты мақсаты – білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау және кәсіподақ қызметінің өзекті бағыттарын талқылау.
Басқосулар барысында кәсіподақ мүшелері өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, еңбек жағдайы, еңбекақы төлеу, әлеуметтік қолдау, құқықтық қорғау және еңбек қатынастарына қатысты сұрақтарын қойды. М.Ахметов көтерілген мәселелер бойынша түсініктемелер беріп, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Сонымен қатар, басқосу барысында бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы құжаттамалардың жүргізілуі, ұжымдық шарт талаптарының орындалуы және кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-құқықтық қорғалу мәселелері назарға алынды. Аталған бағыттар бойынша әдістемелік көмек көрсетіліп, кәсіподақ жұмысының тиімділігін арттыруға қатысты ұсыныстар айтылды.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фото
-