ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК – БАСТЫ МАҚСАТ
Еңбекті қорғаудың бірыңғай күніне Түрксіб ауданы Альмерек ықшам ауданында орналасқан №195 Жалпы білім беретін мектептің жиналыс залында мектеп ұстаздарының, әкімшілік-шаруашылық жұмысшыларының қатысуымен «Қауіпсіз еңбек» жобасы бойынша сабақтар мен нұсқамалар ұйымдастырылды.
«Ұстаз» кәсіподағының мүшелері және техникалық инспектор ұйымдастырған іс-шарада жоғарыда аталған тақырып бойынша көптеген сұрақтар қарастырылып, мектеп ұжымына терең және мағыналы дәрістер мен көрнекілік материалдар ұсынылды.
Біздің ең маңызды мақсатымыз - мектепте жайлы және қауіпсіз жұмыс орынын қамтамасыз ету.
К.Байюсупов,
Алматы қаласы №195 мектеп техинспекторы