ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ САЛАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ
Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігінде Білім саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Салалық комиссияның отырысы өтті. Отырыс жұмысына Комиссия мүшелері: ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының, сондай-ақ «Адами капиталды, білім және ғылымды дамыту жөніндегі ұйымдар қауымдастығы» ЗТБ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде бірқатар мәселелер қарастырылды. Оның ішінде:
- Салалық деңгейде білім және ғылым саласының қызметкерлері үшін еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі әлеуметтік әріптестік туралы 2021-2023 жылдарға арналған Салалық келісімді іске асыру қорытындылары;
- Салалық деңгейде білім саласының қызметкерлері үшін еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған Салалық келісім туралы және т. б.
Отырыс барысында Қазақстан Республикасының оқу-ағарту саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Салалық комиссия туралы ереженің жаңа редакциясы бекітілді.
Комиссия мүшелері салалық кәсіподақтың Салалық деңгейде білім және ғылым саласының қызметкерлері үшін еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісімді іске асырудағы оң жұмысын атап өтті.
Отырыс қорытындысында Салалық комиссияның төрағасы болып ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Н.Жұмаділдаева, төраға орынбасары болып Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары В.Беженаров сайланды, Комиссия үйлестірушісі болып Министрліктің әкімшілік жұмыстар және мемлекеттік сатып алулар департаментінің директоры орынбасары Ж.Игісінов тағайындалды.
Салалық комиссияның отырысы сындарлы жағдайда өтті.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-