САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ТӨРАҒАСЫ АЙГҮЛ МҰҚАШЕВАНЫҢ 1 МАМЫР - ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ.
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
ҚЫМБАТТЫ ДОСТАР!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – еліміздің басты құндылығы болып табылатын бейбітшілік пен келісімнің, ынтымақ пен татулықтың нышаны. Біздің ортақ үйіміздің көк аспаны астында біріккен түрлі этностардың өзара түсіністігі Қазақстанды бүгінде әлемге үлгілі, қуатты мемлекетке айналдырды.
Салалық кәсіподақ ретінде біз еңбек адамының құқығы мен бірлігін әрқашан басты орынға қоямыз. Біздің күшіміз – еліміздің игілігі жолындағы ортақ мақсатқа ұмтылған бірлігімізде. Кәсіподақ қатарындағы әрбір еңбек адамының қажырлы жұмысы – мемлекетіміздің тұрақтылығы мен өркендеуіне қосылған баға жетпес үлес.
Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, қызметте толағай табыс, отбасы берекесін тілеймін.
Еліміздің бірлігі бекем, болашағы жарқын, аспаны әрдайым ашық болсын!
Ізгі ниетпен, Салалық кәсіподақ төрағасы А.Мұқашева