АЛМАТЫЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКТОРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ СЕМИНАРЫ
«Ұстаз» Алматы қалалық жергілікті кәсіподағының жылдық жоспарына сәйкес Әуезов аудандық филиалының ұйымдастыруымен қалалық семинар өтті. Шара «Білім беру мекемелерінде еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмысын ұйымдастыру» тақырыбына арналды.
Семинарға «Ұстаз» кәсіподағының төрағасы С.Қ.Байгуттинов пен қалалық білім беру мекемелерінің техникалық инспекторлары қатысты. Тәжірибе алмасу барысында «Үздік техникалық инспектор» республикалық байқауларының жүлдегерлері - №155 ЖББМ инспекторы Виктория Цвингер мен №90 лицей инспекторы Мақпал Асылбек өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар инспекторлардың мақсат-міндеттері мен байқауға қатысу ерекшеліктерін талқылады.
Жиын соңында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Кәсіподақ төрағасы Серікжан Байгуттинов республикалық байқаудың жүлдегері, №7 мектеп-интернаттың мұғалімі әрі техникалық инспекторы Халмұрат Юлдашевқа Салалық кәсіподақтың Алғыс хатын, сертификатын және арнайы сыйлығын табыстады. Семинар соңында қонақтар шараның өте мазмұнды әрі нәтижелі болғанын атап өтті.
Т.Семенов,
№132 гимназияның техникалық инспекторы
-
Фото
-