ТҮПҚАРАҒАНДА КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымының Түпқараған аудандық филиалы мектеп директорлары мен есепшілерінің қатысуымен жиналыс өткізді.
Жиналыста облыстық ұйым төрағасы Т.Баймбетова және заңгер Н. Храмова кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында еңбек заңнамасының сақталуы, ұжымдық шарттардың орындалуы, мүшелік жарналардың жиналу тәртібі және әлеуметтік қолдау мәселелері кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, білім беру ұйымдарындағы кәсіподақ жұмысының тиімділігін арттыру бағытындағы ұсыныстар қарастырылды.
Жиналыс барысында зейнет жасына жеткен қызметкерлермен еңбек шартын бұзу тәртібі, білім беру ұйымдарындағы зертханашылар қызметіне қатысты мәселелер, еңбек қатынастарының заңдылығы және қызметкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы сұрақтар ашық талқыланды. Қатысушыларға қажетті ақпараттық-әдістемелік түсіндірмелер берілді.
Маңғыстау облысы, Түпқараған аудандық филиалы
-
Фото
-