ҚАРМАҚШЫДА КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
Қармақшы ауданында білім беру ұйымдары мен колледждердің келісу комиссиялары мүшелеріне арналған оқу семинары ұйымдастырылды.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасау, өзгерту және бұзу тәртібі жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, еңбек қатынастары барысында туындайтын дауларды реттеу жолдары мен келісу комиссиясының жұмыс тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Семинар тәжірибе алмасу алаңына айналып, еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша пайдалы пікірлер ортаға салынды.
-
Фото
-