БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН ИГІ ШАРА
Дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында мектеп оқушыларын қуантуға бағытталған игі шаралардың бірі Мұнайлы ауданында ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларды қолдау, баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету.
Салалық кәсіподақтың Мұнайлы аудандық филиалы республикалық науқанды биыл «Қуаныш сыйла балаға!» тақырыбымен өткізуде. Науқанға аудандық филиал қаражатынан 1 053 000 теңге бөлініп, білім беру ұйымдарында қызмет ететін көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына, барлығы 100 бүлдіршінге мектеп сөмкесі мен оқу құралдары табысталды.
Маңғыстау облысының Мұнайлы аудандық филиалы